Алматы полициясы парктегі әйел өліміне қатысты күдіктіні ұстады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы Түрксіб ауданында паркте өлі күйінде табылған әйелге қатысты істі ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 жастағы әйелдің денесі Щербаков пен Молдағалиева көшелерінің қиылысындағы парктен табылды.

Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркелді.

Әйелдің кім екендігі бірден анықталды. Сот медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, оны буындырып өлтірген.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы ер адам ұсталды.

«Күдікті Алматы облысынан келген, тұрғылықты мекенжайы жоқ. Бұрын да кісі өлімі үшін істі болған. Ол ішімдік ішкен соң әйелді өлтіргенін мойындады. Қазір ол уақытша оқшаулау орнына қамалды», - деді қалалық Полиция департаментінің басқарма басшысы Есен Ысқақов.

Соңғы жаңалықтар