Алматы полициясы паркоматтарға плакат ілгендерді ұстады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы паркоматтарға Бауыржан Байбекті айыптаған плакат ілгендерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұның алдында белгісіз біреулер Медеу, Бостандық, Алмалы аудандарындағы паркоматтарға плакат жапсырып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Бұл парақшаларда қаладағы барлық көлік кептелісі мен тұрақтардың барлығы Бауыржан Байбекке тиесілі екендігі жазылған.

Полиция бұл арандатушылық ақпаратты жариялаған тұлғаларды ұстағанын хабарлады.

Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркелді.

Парақшалар тәркіленіп, іс материалдарына қосылды.

«Бұл іске күдікті ретінде 38, 24, 28 жастағы ер адамдар ұсталды. Олар жалған ақпарат жарияланған плакаттарды ілгендерін мойындап отыр. Істі бастаған ер адам блогер Денис Кривошеевтің жазбаларынан үзінді алғандығын  айтты. Полиция департаменті күдіктілердің әрқайсысының қалай әрекет еткенін бейнебақылау жүйесі арқылы анықтаған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», - деді баспасөз қызметінен.

 

Соңғы жаңалықтар