Алматы полициясы науқас баланың таксиде кеткен рюкзагын тауып берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы науқас баланың жоғалған рюкзагын тауып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін әлеуметтік желіде Алматы-1 вокзалынан мінген баланың рюкзагы жоғалғаны туралы хабарлама тарап еді.
Жоғалған сөмкеде баланың ауруханаға жатуына рұқсат беретін медициналық құжаттар мен отаға қажет пластина болған.
Баланың әкесі Тілендиев Болотников көшесінде таксиден түскен кезде сөмкені көлікте қалдырып кеткен.
Олар полицияға сағат 11:35-те жүгінген.
«Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлері мен криминалдық полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел түрде Әкімшілік полиция басқармасының процессингтік орталығы мамандарының қатысуымен әкелі-балалы мінген көлік табылды. Жүргізушінің өзі де багаждағы рюкзак жайлы ұмытып кеткен. Қазір ер адам Жамбыл облысынан қалаға келе жатыр.
Айта кету керек, жоғалған заттың тез табылуына «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің тигізген септігі мол болды. Бүгінде бұл жүйеде 600 камера орнатылған. Осылайша такси жүргізушісінің жүрген бағыты анықталды», - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
- Мозамбиктегі сұрапыл дауыл: 4 мың үй қирап, 160 мыңнан астам адам зардап шекті
- Алматы облысында жардан аударылғалы тұрған көліктегі жолаушылар құтқарылды
- Қытайдағы апат: Жер астында қалып қойған кеншілердің 11-і құтқарылды
- Атырауда жол апаты 58 жастағы әйелдің өмірін қиып кетті
-
Карантин: Алматыда екі бір тәулікте 370 кәсіпкерлік нысан тексерілді
-
Қытайда жер астында қалып қойған кенші екі аптадан соң құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам