Алматы полициясы метро мен сауда орталығында пранк жасаған жігітті іздеп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы метро мен сауда орталығында пранк үшін видео түсірген құқық бұзушыны анықтау мақсатында іздестіру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желіде жарияланған бірінші видеода ер адам телефон арқылы біреумен айқайлап сөйлесіп, мәселе шешіп жатыр, екіншісінде оның қаладағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі эскалаторға шығып алғанынын көруге болады.

«Құқық бұзушыны анықтау үшін тиісті тексеру жұмыстарын бастадық. Мән-жайды анықтау Бостандық аудандық полиция басқармасы қызметкерлеріне жүктелді. Қабылданған шаралардың нәтижелері қосымша жарияланатын болады», - деп жазды Instagram-дағы парақшасында қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Еске салайық, өткен жылы күзде үш жас жігіт Алматы метросының жолаушыларына пранк жасаған болатын.

Олар музыка колонкасының көмегімен әуенді қатты қойып, азаматтардың наразылығын тудырған.

Кейін жауапқа тартылды .


Соңғы жаңалықтар