+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Алматы полициясы мектептерде мамандандырылған күзет қызметін енгізуді ұсынды

2019 жылғы 28 қараша 17:04
Бөлісіңіз:
Алматы полициясы мектептерде мамандандырылған күзет қызметін енгізуді ұсынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы қала мектептерінде арнайы мамандандырылған күзет қызметін енгізуді ұсынды. Бұл туралы полиция департаментінің қаладағы мектеп директорларымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент ұсынған деректерге сәйкес, қаладағы 205 мектептің 16-сында ғана арнайы күзет құрылымымен келісімшарт жасалған. Қалған мектептерде бұл функцияны қарауыл мен вахтерлер атқарады.

Көбіне егде жастағы кісілер түрлі құқықбұзушылыққа қарсылық көрсетуге қауқарсыз.

«Білім мекемелеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі - бүгінде өзекті мәселелердің бірі. ҚР ІІМ биыл қаңтарда орта білім және мектепке дейінгі білім мекемелеріндегі видеобақылау жүйесіне арнайы стандарттар мен талаптар шығарған болатын. Бұл талаптар ҚР БҒМ тарапынан да бекітілді. Видеобақылау жүйесі кабинеттердегі, мектепке жақын территориядағы ахуалды толық бағалауға, адамдардың сұлбасы мен бет-жүзін ажыратуға мүмкіндік беруі тиіс. Өкінішке қарай, барлық мектептердегі бақылау жүйесі талапқа сай келе бермейді. Бүгінде Алматыдағы 201 жалпы білім беретін нысанда 2 858 камера орнатылған. Әр мектепте орта есеппен 8 камера орнатылған. Көбіне бұл камералар фойеде тұр. Сырттағы камералар мектеп маңында не болып жатқанын толық көрсете алмайды», - деді жиында Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев.

Айта кету керек, Алматыда білім басқармасы Тараздағы оқушыны зорлау дерегінен соң мектептердегі әжетхана мәселесін қолға алған болатын.

Басқарма басшысы Гүлнар Қожабергенова 1-1,5 жыл ішінде қаладағы 3 мектептің санитарлық торабы ішке енгізілетінін айтып, уәде берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT