+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Алматы полициясы мектепке бармаған 8 жасар баланы анықтады

2019 жылғы 16 тамыз 10:12
Бөлісіңіз:
Алматы полициясы мектепке бармаған 8 жасар баланы анықтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының ювеналды полиция қызметкерлері мектепке мүлдем бармаған 8 жастағы ұл баланы анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бақытжан Сағынтаев Алматының жеңімпаз оқушыларын құттықтады Алматыда елордадағыдай LRT салынуы мүмкін бе – Бақытжан Сағынтаевтың жауабы Алматы Тәжікстанмен ынтымақтастықты күшейтеді

Бұл күндері мегаполисте «Демалыстар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өтуде, оның негізгі міндеттерінің бірі оқумен қамтылмаған балаларды анықтау.

«Біздің бөлімнің ювеналды полиция қызметкерлері 2011 жылы дүниеге келген К. ұлды тапты, ол әлі күнге дейін мектепте оқымайды. Қыркүйек айында бала кем дегенде екінші сыныпқа баруы керек. Ол ұзақ уақыт бойы ата-анасымен Алматы облысының Талғар ауданының таулы аймағында тұрды. Мектепке бармауының себебі де осы. Қазір бала әжесімен бірге біздің ауданда тұрады. Ол міндетті түрде мектепке барады. Тиісті өтініш аудандық білім бөліміне жіберілді. Айтпақшы, кішкентай бала өте ақылды, көпшіл, дені сау және көп нәрсені үйренгісі келеді. Ювеналды полиция қызметкерлері баланы толықтай мектепке дайындауға әзір. Оқуға қажетті барлық керек-жарағын алып береміз», - дейді Алматы қалалық ПД Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Сонымен бірге, полиция «Мектепке жол» акциясы аясында инспекторлар тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатқандығын хабарлады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Білім, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT