Алматы полициясы малайзиялықтың құжаттарын алған отбасыны іздеп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тәртіп сақшылары малайзиялық туристің жоғалған құжатын іздестіруге көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыға саяхаттап келген Малайзия азаматы Cheah Peng Hock Көктөбеде серуендеп жүргенде құжаттары салынған қол сөмкесін жоғалтқан. Қазір шетелдің еліне қайта алмай жүр.

«Бұл кадрде барсетканы тауып алған отбасы жарияланған. Бұл адамдарды танығандар болса Медеу аудандық полиция басқармасының 254 48 02, 254 48 09 және 8701 739 5394 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз», - деді полиция департаментінен.

Соңғы жаңалықтар