Алматы полициясы лифтіні тепкілеген ер адамды іздестіріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде ер адам лифтіні жұдырықпен ұрып, қабырғаны тепкіледі. Полиция бұзақыны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ер адамның ерсі қылығы әлеуметтік желіде тарады.

«Алматы қаласы 8-ықшам аудандағы 41/6-үй. Енді лифт неге жиі бұзылатыны түсінікті болды», - деп жазды желі қолданусының бірі.

Алматы қалалық Полиция департаменті атап өткендей, бұл дерек бойынша ешкім арыз жазбаған. Алайда тексеру шаралары ұйымдастырылады.

«Бұл адам анықталып, оның іс-әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі. Біз оның мұндай іске не үшін барғанын анықтаймыз»,- деді МӘуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.



Соңғы жаңалықтар