USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Алматы полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

2019 жылғы 11 желтоқсан 15:14
Бөлісіңіз:
Алматы полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Құқықтық тәртіп» республикалық профилактикалық шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада Шу ауданындағы «Nur Otan» ғимаратын өртеуге қатысқан күдікті ұсталды Шымкенттік полицейлерге 63 қызметтік автокөлік берілді Алматы облысы әкімдігінің ғимаратын тонаған күдіктілер ұсталды

«Бұл шараға ішкі істер органдарының барлық бөлімдері жұмылдырылды. Жергілікті полиция инспекторлары, көші-қон қызметінің қызметкерлері, криминалдық, патруль полиция қызметкерлері мен қоғам өкілдерінен тұратын арнайы мобильді топтар құрылды. Сонымен қатар, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық орын алуы мүмкін деген жерлерде бақылау күшейтілді. Сондай-ақ, жалға берілетін пәтерлерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Полиция қызметкерлері ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған азаматтарды да назардан тыс қалдырмайды. Қоғамдағы құқық бұзушылық және тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды қабылдаймыз», - деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, қала аумағында екі күннің ішінде 200-ге жуық қылмыс ашылды. Оның ішінде бұрын адам өлтірген, қарақшылық шабуыл жасаған және біреудің мүлкін ұрлағандар бар. Сонымен қатар, іздеуде жүрген 13 қылмыскер ұсталды. Сондай-ақ, хабар-ошарсыз кеткен 32 адамның қайда екені анықталды.

«Рейд басталғалы бергі екі күн ішінде мегаполис аумағында 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзу фактілері анықталды. Оның басым бөлігі - көші-қон заңнамасын бұзғандар. Қазақстанда жүріп-тұру ережесін бұзған 704 адам жауапқа тартылды, оның 95-і - шетел азаматтары»,- деп толықтырды Нұрлан Алмасбеков.

Полиция департаментінің хабарлауынша, «Құқықтық тәртіп» республикалық профилактикалық шарасы 13 желтоқсанға дейін жалғасады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT