Алматы полициясы қоғамдық көліктерді қатаң бақылауға алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы қоғамдық көліктерді қатаң бақылауға алды. 2 күнге жалғасатын «Автобус» жедел іс шарасы барысында қоғамдық көліктер мен таксилердегі жолаушы тасымалдау ережесінің қадағалануы тексеріледі.

«Басты назарда автобустардың техникалық ахуалы, заңсыз жабдықталуы, балаларды тасымалдау ережесінің сақталуы болады. Сондай-ақ, заңсыз мигранттарды табу үшін транзиттік көліктер де тексерілетін болады. Іздеуде жүрген жеке тұлғалар мен көліктер бойынша да жұмыс күшейе түспек», - деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Бәйкенов.
Оның айтуынша, осы бағытта жергілікті полиция қызметі және әкімшілік полиция құрамынан арнайы штаб құрылды.
Бірнеше рет ереже бұзған автобус жүргізушілері қайта емтиханға жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар