+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматы полициясы кесілген 300 ағашқа қатысты қылмыстық іс қозғады

2021 жылғы 14 қыркүйек 11:33
Бөлісіңіз:
Алматы полициясы кесілген 300 ағашқа қатысты қылмыстық іс қозғады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Медеу ауданындағы Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі 300 ағашты кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мәселесі талқыланды Алматыда «Жамбыл жырау» операсының премьерасы өтті Алматыда «Қазақ-қырғыз – Алаштан» атты халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр

«Алматы қалалық Полиция департаменті бұл факт ҚР Қылмыстық кодекстің 340-бабы 1-бөлігі (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Тиісті сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеуді Медеу аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр», - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін, алматылықтар 300 түп ағаштың заңсыз кесілгенін айтып шағымданған болатын. Ағаштардың тұқымы мен түрлері әлі ресми анықталған жоқ. Ботаникалық бақ зертханалық зерттеу нәтижесін 3-5 күн ішінде ұсынады.

Қазіргі болжам бойынша Қазақстанның Қызыл кітабына енген сиверс алма ағаштары кесілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT