Алматы полициясы кассир әйелге қол жұмсаған клиент туралы видеоны түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының полициясы ірі денелі ер адамның кассир әйелге қол жұмсап, оған есептеуіш құралды лақтырып жатқаны түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл видео Instagram-дағы қазақстандық пабликтердің парақшаларында таралып жатыр. Желі пайдаланушылары белгісіз ер адамның әрекетіне наразылығын білдіріп отыр.

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов аталған фактіні тексеру жұмыстары басталып кеткенін мәлімдеді.

«Мен Қырғызстандағы әріптестеріммен байланысқа шықтым, олар оқиғаның қырғыз елінде болғанын, ал тәртіп бұзған А.А. есімді 1992 жылғы ер адам табылып, Бішкектегі Октябрь аудандық ішкі істер басқармасына жетізілгенін растады. Әріптестер іс бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», - деп жазды Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында.

Қырғызстандық БАҚ оқиғаның 2 тамыз күні болғанын нақтылады.

Алкогольді ішімдікке тойып алған ер адам кассир әйелдің онымен орысша сөйлескені үшін агрессия танытқан .

Тәртіп бұзушыны милиция алып кетті.


Соңғы жаңалықтар