+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Алматы полициясы Kaspi банк филиалын тонауға қатысты түсінік берді

2020 жылғы 16 қазан 15:32
Бөлісіңіз:
Алматы полициясы Kaspi банк филиалын тонауға қатысты түсінік берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы банк бөлімшесін тонауға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салайық, оқиға 15 қазан күні болған. Алматыда қаруланған екі қарақшы Kaspi банк филиалына шабуыл жасады. Белгісіз адамдар банк қызметкерлерін қарумен қорқытып, алдын ала мәліметтер бойынша, 2 млн теңгені алып кеткен. Қарақшылардың бірі балтамен кассаның шыны терезесін сындырып, ішке енген.

«Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, олардың жұмысы қылмысты ашуға және күдіктілерді қамауға алуға бағытталған. Тергеу барысы Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT