Алматы полициясы қара топырақты жаппай ұрлау фактісін анықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қара топырақты заңсыз әкетудің 13 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті полиция қызметкерлері мен Алматы қаласының қала құрылысы басқармасы өкілдері бірігіп құнарлы жер қабатын заңсыз алу фактілерін анықтау үшін жұмыс жүргізуде.

«Екі күннің ішінде 13 факті анықталды, 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 450 мың теңгені құрады», - деді Алматы қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Төрехан Исин.

Спикердің айтуынша, эпизодтардың бірін Наурызбай ауданының аумағында полиция анықтаған. Бейтаныс тұлға жер учаскесінің иесінің рұқсатынсыз қара топырақты тиеп әкетпекші болған. Бостандық ауданында да біреулер жердің құнарлы қабатын қазып алған.

«Біз жер учаскелерінің иелерін таптық. Олармен мүлікті қорғау тақырыбында әңгімелестік. Қазір бұл жерлер күзетке алынды. Айналасы қоршалып, шлагбауым орнатылды. Бұл өте маңызды шаралар. Айтпақшы, әкімшілік полицияның мамандандырылған батальон қызметкерлері, сонымен қатар жол-патрульдік полиция қызметкерлері құнарлы топырақты заңсыз қазып алу фактілерін анықтау жұмыстарына белсенді атсалысып жатыр. Олар қара топырақ тиеген көліктерді назардан тыс қалдырмайды», - деп қорытындылады Төрехан Исин.

Сонымен қатар, ол жоғарыда аталған фактілер анықталса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалатынын атап өтті.

Бұған дейін, қалада қара топырақты ұрлау фактілері анықталған болатын.

Соңғы жаңалықтар