+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Алматы полициясы қара топырақты ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады

2021 жылғы 4 мамыр 10:38
Бөлісіңіз:
Алматы полициясы қара топырақты ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция қара топырақты ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жеңіл жүрісті қыздарды тонаған екі ер адам ұсталды Алматыда қымбат көліктерді ұрлағандар ұсталды Елорда полицейлері қала аумағында қамысты өртеген күдіктіні ұстады

Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп қоршаған ортаны қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстары барысында жер топырағының құнарлы қабатының бақылаусыз айналымы фактілерін анықтады.

«Алатау, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандарының аумағында белгісіз тұлғалар рұқсат құжаттарынсыз қара топырақ, топырақ және балласт өндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған фактілер бойынша қалалық Полиция департаменті 2021 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады»,-деп хабарлады қалалық прокуратурадан.

Заңсыз өндірілген топырақ негізінен құрылыс жұмыстары үшін шикізат ретінде пайдаланылады.

Қазіргі уақытта барлық қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT