Алматы полициясы қалта ұрыларының суреттерін жариялады

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат- Алматы полициясы ұрлық жасамаса тұра алмайтын сұғанақтардың суреттерін жариялады. Олардың арасында Рессей азаматшалары да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полициясының мәліметіне сәйкес, мегополисте үстіміздегі жылдың 1-11 тамыз аралығында 19 қылмыс жасаған, 18 қалта ұрысы ұсталды.Олардың барлығы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдіктілер арасында Ресей Федерациясының екі азаматшасы бар. Балқаш, Тараз және Қазақстанның басқа да аймақтарынан келгендер жетерлік. Тәжірибе көрсеткендей, ұрлық негізінен қоғамдық көліктерде және халық көп шоғырланған жерде жиі орын алады. Сондықтан меншік қауіпсіздік шараларын сақтап, қалта ұрыларынан сақ болу өте маңызды», - дейді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасы.

Алматыда үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында қалта ұрлығы 3,4 есеге азайды.

Соңғы жаңалықтар