Алматы полициясы ит ұстаудың ережесін бұзғандарға айыппұл салды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы ит ұстаудың ережесін бұзғандарға айыппұл салды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Арнайы рейд Алатау және Жетісу аудандарында жүргізілді.
«Егер жануардың мойнында қарғыбау жоқ болса, ол қаңғыбас ит. Оны ветеринарлық қызмет аулайды. ҚР ӘқК 408-бабында көрсетілгендей, итті серуенге алып шыққанда, бірнеше ереже сақталуы керек. Осы ережелерді бұзғандарға қатысы рейд барысында 26 хаттама толтырылды. 18 сәуірден бері 153 дерек анықталды. Қожайындарына 263 мың теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді Алатау аудандық ІІБ ЖПҚ өкілі Әуесхан Елтоқов
Ал, Жетісу ауданында рейд барысында 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Ауданда жыл басынан бері 157 адамға 157 559 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бүгін Ветеринарлық қызметпен біріге отырып, «Дорожник», «Құлагер» шағын аудандарын араладық. Аталған аудандарда 10-нан аса жануарды ұстайтын отбасылар табылды», - деді Жетісу ІІБ ЖПҚ басшысының орынбасары Анарбай Тастанов.
null null null null null

Соңғы жаңалықтар