Алматы полициясы ішкілікке салынған отбасыдан балаларын алып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы балаларын қараусыз қалдырған, жауапкершілігі төмен отбасыларды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бостандық аудандық ІІБ жанындағы жергілікті полиция қызметінің инспекторлары жүргізген рейд барысында кәмелеттік жасқа толмаған бала тәрбиелеп отырған, тұрмыстық жағдайы төмен отбасы анықталды.

40 жастағы отағасы полиция өкілдері келгенде мас күйінде ұйықтап жатқан. Анасы үйінде жоқ болып шыққан.
null 

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, үйде ойнап жүрген 3-4 жастағы балалардың киімі жыртық, үсті-бастары лас болған. Үйдің өзі апатты жағдайда тұр. Кешке таман жұмыстан келген анасына полиция өкілдері құқықбұзушылық туралы жеткізді.
null 

«Ата-аналардың жауапсыздығы жүрек сыздатады. Кішкентай балалар үйде қараусыз жүр. Балабақшаға бармайды. Балалардың өмір сүруіне қауіп төніп тұрғандықтан, оларды уақытша кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына орналастыру туралы шешім қабылданды. Ерлі-зайыптылар профилактикалық есепке алынды. Енді олар тез арада түзу жолға түспесе, ата-аналық құқығынан айыру туралы мәселе қаралады», - деді жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.
null null 

Соңғы жаңалықтар