Алматы полициясы интернаттағы төбелестің мән-жайын анықтап жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының №10 мектеп-интернатында болған төбелес ісіне қатысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, әлеуметтік желіде бейнежазбасы тараған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Оны Бостандық ауданы ІІБ тергеу бөлімі жүргізіп жатыр. 

Бейнежазбада тәрбиеші тәртіпсіздігі үшін болса керек, баланың құлағынан тартып, бетінен шапалақпен салып қалған. Оқиға әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары тәрбиеленетін №10 мектеп-интернатта болған. 

Кейінірек тәрбиешінің жұмыстан шығарылғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар