Алматы полициясы халықты тыныштандырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы ел ішін дүрліктірген полицейлердің терроризмге қарсы күрес бойынша оқу-жаттығу жасап жатқанын айтып халықты тыныштандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқу- жаттығу шаралары №4 аурухананың маңында жүзеге асқан болатын.

Қалалық ІІД бөлімшелерінің қызметкерлері адам көп шоғырланған жерде терроризм актілерінің алдын алу, шұғыл әрекет ету, жарылғыш затты залалсыздандыру бойынша дағдыларын пысықтады.

Алматы қалалық терроризм мен экстремизмге қарсы күрес бойынша жедел штабы қала тұрғындары мен қонақтарына түсіністік білдіргені үшін алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар