Алматы полициясы Есентай өзенінде көлікпен жүрген жүргізушіні іздеп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы Есентай өзенінде көлікпен жүрген жүргізушіні іздестіріп жатыр. Тәртіп сақшылары құқық бұзушы жауапқа тартылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ақ түсті жеңіл көліктің каскад ішімен ағатын Есентай өзенімен жүріп бара жатқанын көруге болады.

«Алматы қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі аталған дерек бойынша тексеру жұмыстарын бастады. Видеодағы көлік жүргізуші міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылады. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Олар оны «хайп» үшін жасағанын жоққа шығармаймыз», - дейді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Видеодан алынған кадр



Соңғы жаңалықтар