+7 (701) 759 90 19
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Алматы полициясы елімізде заңсыз жүрген 177 шетелдікті ұстады

2019 жылғы 10 қыркүйек 12:33
Бөлісіңіз:
Алматы полициясы елімізде заңсыз жүрген 177 шетелдікті ұстады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтауға арналған «Заңсыз келімсек-2019» жалпыұлттық жедел алдын алу шарасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда көші-қон заңнамасын бұзған 7 шетелдік ұсталды Көші-қон заңнамасын бұзған 115 шетелдік елден қуылды Көші-қон комитеті елордада 4 баласымен жертөлені паналаған анаға қатысты пікір білдірді

Алматыда жедел алдын алу шарасы басталды. Акция мегаполисте заңсыз жүрген адамдарды анықтауға және заңсыз көші-қон арналарын тоқтатуға бағытталған. Іздестіру жұмыстары 9 қыркүйектен 12 қыркүйекке дейін жалғасады.


«Рейдтің алғашқы күнінде ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 235 адам анықталып, жауапқа тартылды. Оның 177-сі - шетел азаматтары. 46 адамның елде жүріп-тұру мерзімі қысқартылды. 54 азамат сот шешімімен елден шығарылды. Қабылдау және тарату орталығына құжаты жоқ 64 шетелдік орналастырылды. Шетелдіктердің Қазақстанда жүріп-тұру заңдылығын қамтамасыз етпегені үшін 46 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге, 12 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін жауап береді», - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметінің бастығы Асхат Бутунчинов.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT