Алматы полициясы дәрігерлерді соққыға жыққан адамды ұстауға әрекет жасап жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы дәрігерлерді соққыға жыққан адамды ұстауға әрекет жасап жатыр, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

«Екі күн бұрын Медеу ауданында осыған ұқсас жағдай болған. Ішімдікке тойып алған пациент дәрігерге жедел жәрдем көлігінің ішінде пышақ сұғып алған. Бүгін түнде бір дәрігер науқастардан соққы алып, ес-түссіз жатыр», - деді ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, қазір осы деректер ҚР ҚК 293-бабына сәйкес сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Қазір күдіктінің кім екендігі анықталды.

Аудандық ІІБ жедел бөлімшелері оны ұстау шараларына кірісті.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл бірінші жағдай емес. Жыл басынан бері дәрігерлер бірнеше рет соққыға жығылған.

Соңғы жаңалықтар