Алматы полициясы букмекерлік кеңсенің күзетшісіне оқ атты деген күдікпен ер адамды ұстады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы букмекерлік кеңсенің күзетшісіне оқ атты деген күдікпен ер адамды ұстады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқыс оқиға Түрксіб ауданындағы букмекерлік кеңселердің бірінің жанында болған. Белгісіз ер адам кеңсе күзетшісімен сөзге келіп қалып, травматикалық тапаншадан оқ атқан. «Қару кезенген 20 жасар Алматы тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері оны бірден тауып алды. Қазір бұл адам ҚР ҚК 128 бабына сәйкес ІІД-нің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Жақын арада сот оны бұлтартпау шарасы туралы санкция шығарады. Бұл дерек ҚР ҚК 293 бабы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді», - деді Түрксіб аудандық ІІБ басшысы Данияр Меңдібаев. Айта кету керек, жеңіл жарақат алған күзетшінің жағдайы қазір жақсы.

Соңғы жаңалықтар