USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

Алматы полициясы бейнебақылау жүйесін кеңейтуді жоспарлауда

2016 жылғы 26 сәуір 14:20
Бөлісіңіз:
Алматы полициясы бейнебақылау жүйесін кеңейтуді жоспарлауда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы бейнебақылау жүйесін кеңейтуді жоспарлауда. Өйткені, солардың арқасында соңғы екі жылға жуық уақыт ішінде қалада 377 қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі жағдайда бейнебақылау жүйесін қолдану арқылы көшелер мен қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді, жол қозғалысына бақылау жасауды ойдағыдай жүзеге асыруға болады. Сондай-ақ, бұл жүйе жедел-іздестіру шараларын жүргізуге де пайдаланылады.

«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - ішкі істер органдарының басты міндеттерінің бірі. Осыған байланысты, Алматы полициясы жаңа технологияларды қолданып жатыр. Көшелердегі құқықбұзушылық әрекеттердің алдын алу үшін бейнебақылау жүйесін дамыту қолға алынды. Қазір, қалада 62 мың 641 бейнекамера жұмыс істейді. Солардың ішінде «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша 3 мың 831 аулада 20 мың 696 бейнекамера орнатылған. Солардың арқасында 4 мың 433 көпқабатты тұрғын үй күзетіледі. Әр түрлі меншік иесіндегі 7 мыңға жуық нысан 36 мың бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бейнекамералардың көмегімен күні бүгінге дейін 377 қылмыстың беті ашылып, 9 мың 687 әкімшілік құқықбұзушылық әрекеттер мен 8,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактілері анықталды», - деді осыған орай, Алматы қалалық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Серік Күдебаев.

Айта кетелік, Алматыда «Қауіпсіз аула» бағдарламасы 2014 жылдың сәуір айынан жүзеге асырыла бастады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT