+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы полициясы белгілі әнші түсірген вайнға қатысты мәлімдеме жасады

2020 жылғы 14 шілде 12:55
Бөлісіңіз:
Алматы полициясы белгілі әнші түсірген вайнға қатысты мәлімдеме жасады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы әнші Кентал түсірген вайнға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футбол: Чемпиондар лигасы қайта жалғасады Ақмола облысындағы құс фабрикасында жұмысшы мерт болды Қызылордада балық аулауға шыққан адам суға батып кетті

ПД әлеуметтік желілерді бақылау кезінде осы видеоны анықтаған.

Бейнекадрде полиция қызметкері бейнесіндегі ер адам: «Бәріңе сәлем, достар! Кім күйзеліске душар болса, жүрегі ауырса, жұмыста, отбасында қиындықтар туындаған болса, біреуді несие қинаса. Уайымдамаңыз. Бәрібір бәріміз де өлеміз», - деді.

Тексеру кезінде видео авторы әнші және актер Талғат Кенжеболатов (Кентал) болып шықты.

Әлеуметтік желіде жарияланған пост полицияға қарсы халықтың наразылығы мен түсініспеушілігін тудырды.

«Алматы полициясы бұл видеодағы полиция формасындағы ер адам іс жүзінде ішкі істер органдарының қызметкері емес екенін хабарлайды. Т. Кенжеболатовтың іс-әрекетіне қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі. Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына және қайғылы оқиғаларға байланысты қалыптасқан жағдай аясында мұндай үндеулер, тіпті әзіл үшін болса да, әсіресе полиция формасын қолданғаны орынсыз», - деді полициядан.

Айта кету керек, кеше әнші Instagram желісінде жазба жариялады. Оны арнайы батальон қызметкерлері ештеңе түсіндірместен учаскеге алып кеткен. Сонда әнші бұл вайн осыдан 4 жыл бұрын түсірілгенін айтқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT