+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Алматы полициясы балконның шетіне отырған балаларға қатысты пікір білдірді

2019 жылғы 26 тамыз 11:15
Бөлісіңіз:
Алматы полициясы балконның шетіне отырған балаларға қатысты пікір білдірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматы полициясы көпқабатты тұрғын үйдің балконының шетінде отырған балалардың суретіне қатысты, пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Сурет әлеуметтік желіде тараған болатын. Онда біп топ бала Алматы қаласының Бостандық ауданындағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінің балконында отырған.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, бұл суреттер әлеуметтік желіде тарағанымен, 102 пультіне ешқандай дабыл түспеген. Әйтсе де, ата-аналарымен профилактикалық әңгіме өткізіледі.

«Қазіргі уақытта аудандық ювеналды полиция қызметкерлері сол ауданда жұмыс жүргізіп жатыр. Балалардың ата-аналарын анық талуда. Оларға балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін фактілердің алдын алу бойынша профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, мұндай фактілерге жол берілмеуі керек»,- дейді полиция.

Сондай-ақ, полицейлер Тұрғын үй кешенінің қауіпсіздік қызметкерлерімен де профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізбек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Интернет, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT