USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

Алматы полициясы балаларға арналған тегін спорт секциясын ашты (ФОТО)

2016 жылғы 8 сәуір 14:45
Бөлісіңіз:
Алматы полициясы балаларға арналған тегін спорт секциясын ашты (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы «Мың игі іс» акциясы аясындағы қайырымдылық жұмыстарын жалғастыруда. Бостандық аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметі балаларға арналған тегін спорт секциясын ашты. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде шағын орталықта 20 шақты бала дзюдо, самбо, қазақша күреспен шұғылданып жүр.

«Ашығын айтайын, мүмкіндігі аз, баласын спорт секциясына бере алмай жүрген ата-аналарға көмек қолын созу идеясы бұрыннан мазалап жүрген. Оны өткен жылдың күзінде жүзеге асырдым. Өзімнің қаржыма зал ашып, оны спорттық құралдармен толтырдым. Балаларды күнде кешке жаттықтырамын. Олардың мүмкіндігін, ынта-жігерін көріп, өзімнің адаспағанымды түсіндім. Мүмкін олардың арасында Қазақстанның атын спорттық додаларда шығаратын әлемдік спортшылар өсіп келе жатқан шығар. Олардың арасында жақсы нәтиже көрсетіп жүргендер бар қазір», - деді Бостандық аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция инспекторы Дархан Нұржауов.

«Біздің жаттықтырушымыз нағыз полицей. Оны біз мақтан тұтамыз. Оның үйреткен тәлім-тәрбиесі бізге көп көмегін тигізеріне сенім мол», - деді 10 сынып оқушысы Ислам Рахатбай.

Жергілікті полиция қызметінің басшылығы жас полицейлердің іс-әрекеті болашақ ұрпаққа өнеге екендігін айтты.

«Көпжылдық тәжірибе көрсеткендей, адам жұмысында қандай жасампаз болса, өмірде де сондай белсенді болады. Бізде өзінің қауырт жұмысына қарамастан қайырымдылық жасауға да уақыт табатын офицерлер жетерлік», - деді қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбай.
null null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT