Алматы полициясы балаларды кіргізген түнгі клуб иелерін жауапқа тартты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының жергілікті полиция қызметі балаларды түнгі уақытта кіргізген ойын-сауық және компьютерлік клуб иелерін жауапқа тартты. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл бойынша ҚР ӘқК 422 бабымен жауапкершілік қарастырылған. Заңға сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірімдер түнгі 23.00-ден кейін ата-анасының ілесіп жүруінсіз көңіл көтеру немесе компьютерлік клубтарда болмауы тиіс.

«Әсіресе мектептегі демалыс кезінде ата-аналар балаларын қатаң қадағалауға алуы керек. Көп жағдайда жасөспірімдер қылмыс құрбаны болып немесе қылмысқа барып жатады. Балалардың түнгі уақытта кіргені үшін мекеме әкімшілігі де жауапсыз қалмайды. Әкімшілік бірінші кезекте тұлғаның жасын, құжатын сұрауы керек», - деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің ювеналды басқармасының басшысы Лейла Әліпбаева.

Полиция жыл басынан бері заңды орындамаған 17 мекеме басшысын жауапқа тартты. Сондай-ақ, баласын қаңғыртып қойған 470 ата-ана әкімшілік жаза алды.

Қазір аталған істер мамандандырылған ауданаралық жасөспірімдер ісі бойынша сотқа жіберілді.
2

Соңғы жаңалықтар