Алматы полициясы азаматтардың қаруын сатып алуға 740 млн теңге жұмсады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы азаматтардың газ-травматикалық қаруын сатып алуға 740 млн теңге жұмсады.

«Азаматтардан 14 151 өтінім келіп түсті. Олардың 5 859-ы травматикалық қару, 9 444-і газ-травматикалық тапаншаны өткізу бойынша. 13 180 өтінім бойынша арнайы комиссия қаржылай сыйақы төлеу туралы шешім шығарды. Азаматтарға 739 430 239 теңге төленді. Сондай-ақ қаруды тіркеу, қайта тіркеуде заңбұзушылыққа жол берген азаматтарға 3 096 875 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді қалалық ІІД басқармаса басшысы Нұрлан Алмасбеков. Айта кету керек, мұндай акция жылдың соңына дейін жалғасады. Келер жылдың басынан бастап осындай санаттағы қаруды сақтау заң бойынша қудаланады. Осы бағытта қару айналымын бақылау бөлімінің мамандары халықпен 600 рет кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Соңғы жаңалықтар