Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.36 EUR 431.30
RUB 5.45 CNY 53.80
Жаңалықтар

Алматы полициясы айыппұл төлемеген жүргізушілерді ұстай бастады

2017 жылғы 23 қараша 13:44 1518
Бөлісіңіз:
Алматы полициясы айыппұл төлемеген жүргізушілерді ұстай бастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы айыппұл төлемеген жүргізушілерді ұстай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалада «Борышкер» жедел профилактикалық апталығы басталды. Көлік көп жүретін жолдарда «КРИС-П», «ПОТОК-М» мобильді кешендері мен жол-патрульді полиция экипаждары шоғырланған. Бұл құралдар әкімшілік қарызы бар жүргізушілерді ұстауға арналған.

«Жоспарлы шара қамауда тұрған көлік иелері мен айыппұл төлемей отырған жүргізушілерді ұстауға бағытталған. Автоматты жүйе көлік ағынынан сондай жүргізушілерді анықтаған соң, оларды жол полициясы тоқтатады. Кейін ол азаматқа монитордан борышы туралы ақпарат көрсетіледі. Көлік айып тұрағына жіберіледі. Қажетті хаттама толтырылады. Жүргізуші оны барлық борышынан құтылған соң ғана шығара алады. Мұндай шаралар азаматтарды әкімшілік борышын уақытында төлеуге мәжбүрлемек», - деді ІІД басқарма басшысы Жандос Мұраталиев.

Айта кету керек, ауқымды шараға аймақтық жеке сот орындаушылар мен прокуратура өкілдері қатысып жатыр.


Басты сөздер: Көлік, Алматы, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
Мұрағат