Алматы полициясы автобустың артына жармасып жүрген үш жігіттің әрекетіне қатысты түсініктеме берді - ВИДЕО

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы автобустың артына жармасып, діттеген жеріне жеткен үш жігіттің әрекетіне қатысты түсініктеме берді.

Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, үш жігіт Абай көшесімен келе жатқан №128 автобустың артына жармасып алған.

«Олардың әрекеті айналасындағы жол қозғалысы қатысушыларының және өздерінің өміріне қауіп туғызған. Қазір бұл деректі жергілікті полиция қызметі тексеріп жатыр», - деді С.Әзірбек.

Осыған дейін үш жігіттің автобустың артына жармасып алып діттеген жеріне жеткені туралы бейнеролик жариялаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар