Алматы полициясы автобус жолағының ашықтығын тексеруді күшейтетін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы автобус жолағының ашықтығын тексеруді күшейтетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін Төле би көшесінде №201 бағыттағы 18 метрлік автобустар кептеліп қалған болатын. Жеке көлік жүргізушілері автобус жолағына көліктерін қалдырып кеткен. Соның кесірінен қоғамдық көліктер жүре алмай жиналып қалды.

Диспетчерлерге уақытылы хабарланбаған соң автобус қозғалысының жиілігі бұзылған.

Тек 1 сағаттан асқан соң ғана жол жүру кестесі қалпына келтірілді.

Қалалық әкімдік мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында қоғамдық көлік жолдарында рейд жұмыстарын жиі жүргізуді қолға алды.

Жолаушылардан шағым түскен жағдайда «Алматыэлектротранс»  ЖШС олардың шығындарын толық өтеп береді.

Айта кету керек, әлеуметтік желіде бүгін №201 автобустардың Төле би көшесімен Тастақ көшесіне дейін ғана барып, адамдарды түсіріп жатқаны турлы видео жарияланды. Алматылықтардың көпшілігі бұл әрекетті жүргізушілердің ереуілі деп тұспалдаған.

«Алматыэлектротранс» компаниясы кептелістің не себепті болғанын түсіндірді.

«Ешқандай ереуіл болған жоқ. Автобус жолағында жеке көліктердің көптігіне байланысты 18 метрлік ұзын автобустар бір жерге жиналып қалған. 40 минут ішінде жол полициясы жолдағы көліктердің барлығын эвакуатормен алып кетті. Қоғамдық көлік өз кестесімен жүріп жатыр», - деді  Ризван Цинаев.

Соңғы жаңалықтар