Алматы полициясы арыз қабылдау уақытын 15 минутқа қысқартты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Аудандық басқармалардың жұмысына сервис жүйесінің енгізілуіне байланысты азаматтардың арызы 15 минутта қабылданатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде қала тұрғындары арыздарын фронт офистерге өткізе алады. 

Олардың пікірінше, бұл адамдардың уақытын үнемдеп, қағазбастылықтан құтқарады.

«Бұл жүйе арқылы кез келген ауданда отырып, қаланың басқа аудандық бөлімшелеріне арыздануға болады. Сонымен қатар, азаматтарды қабылдау уақыты үш есеге қысқарды. Халық тарапынан наразы пікірлер де азайып келеді», - деді Алматы Полиция департаменті басқармасы басшысының орынбасары Ержан Оразбеков.

Алматы полициясы Жұмыспен қамту орталығымен аудандық бөлімшелерде азаматтарды қабылдауға заң факультеттерінің студенттерін бөлу туралы келісімге келмек.

Бұл болашақта жастардың құқық қорғау органдарына қабылдануына септігін тигізбек.

Жаңа форматтағы қабылдау бөлімдерінде кеңесші қызметін басқарманың жауапты қызметкерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлері айналысады.

Соңғы жаңалықтар