Алматы полициясы ағаш кесуге жалған рұқсат қағазын жасағандарды жауапқа тартты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасына қала тұрғындарынан шағым түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғындар Іле тасжолы 573/1 мекенжайында жол бойындағы ағаштардың кесілгенін хабарлаған.

Басқарма қызметкерлері мен қоршаған ортаны қорғау полициясының өкілдері оқиға орнына барып, 35 түп ағаштың заңсыз кесілгенін анықтады.

Аталған мекенжайда орналасқан өндірістік базаның иелері «АС Финанс техногрупп» ЖШС жасыл-желекті отауға жалған құжат әзірлеп, көрсеткен көрінеді.

«Жалған құжат жасағандармен Түрксіб аудандық полициясы айналысып жатыр. Мемлекеттік органның құжатын қолдан жасады деген айыппен бұл дерек Түрксіб аудандық ІІБ -де сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Сонымен қатар, ҚР ӘқбК 386-бабын бұзғаны үшін меншік иелеріне 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Енді кәсіпорын табиғатқа келтірілген нұқсанның орнын толтыру үшін 350 түп ағаш отырғызуға міндеттелді», - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар