Алматы полициясы адам өліміне әкелген жол апатының куәгерлерін іздеуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы адам өліміне әкелген жол апатын көрген адамдарға іздеу салуда. Бұл туралы қалалық ІІД-інің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.

Жол апаты 22 қазанда Бостандық ауданы Бағанашыл ауылындағы Сырғабеков көшесінде орын алған. «Субару» көлігі шығыс айналма жолына шыға бере, ер адамды қағып кеткен. 61 жастағы жаяу жүргінші сол жерде қаза тапты.

«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі апат кезінде жолдың бойында үлкен жүк көлігі тұрғанын, соның салдарынан ол ештеңе көрмей қалғанын айтады. Алайда өзі ол көліктің нөмірін есінде сақтамаған. Қалалық полиция қызмектерлері аталған жол апаты туралы нақтырақ мәлімет алу үшін оқиға куәгерлеріне іздеу салады. Егер бұл оқиғаны көрген адамдар болса 254-45-22, 254-40-30 нөмірлеріне хабарласуларын өтінеміз», - деді қалалық ІІД анықтау бөлімінің басшысы Рустам Әбдірахманов.

Соңғы жаңалықтар