Алматы полициясы №7 ауруханадан жарылғыш зат іздеп жатыр
2015 жылғы 4 желтоқсан 10:15

Алматы полициясы №7 ауруханадан жарылғыш зат іздеп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы №7 ауруханадан жарылғыш зат іздеп жатыр. Шұғыл хабарламаны қалалық ІІД баспасөз қызметі жариялады.

Аурухана маңайы қоршауға алынған.

Бүгін таңғы 9-да белгісіз адам кезекші пультына хабарласып, Райымбек пен Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан №7 қалалық клиникалық ауруханада жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған.

Қазіргі таңда қаладағы барлық жедел әрекет ету қызметтері медициналық мекемеден азаматтарды қауіпсіз жерге шығарып, ғимаратты тінтіп жатыр.

Сондай-ақ, хабарласқан адамның кім екендігін анықтау бойынша да әрекет жасалып жатыр.

Jańalyqtar

MURAǴAT