Алматы полициясы 6 жасар қыздың жұмбақ өлімін тексеріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы 6 жасар алматылық Елизавета Пылаеваның жұмбақ өлімін тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыздың әкесі Александр Пылаевтың айтуынша, баланы 9 мамырда анасы алып кеткен. 12 мамырда оған бұрынғы жұбайы хабарласып баланың ауруханада ауыр халде жатқанын хабарлаған.

«Қызым менімен тұратын. 9 мамырда оны анасы, менің бұрынғы әйелім алып кетті.12 мамырда ол маған кешке қоңырау шалып, қызымның аурухананың жансақтау бөліміне түскенін айтты. Ол «Лиза ескерткіш мүсіннен құлап қалды», деді. Дереу ауруханаға келдім. Дәрігерлердің айтуынша, қызым ауруханаға келгенде өлі түскен. Баламның омыртқасы сынып кеткен. Денесі жарақат алған. Бірақ үстінде бір тамшы қан жоқ. Таң қаларлық болып көрінді», - деді әкесі Александр Пылаев.

Енді әке жалғыз баласының қалайша көз жұмғанын білгісі келеді. Полиция осы оқиға бойынша «адам өлімі» деген баппен қылмыстық іс қозғады.

«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осыған орай процессуалдық шешім қабылданады»,- деді қалалық Полиция департаментінен.

Соңғы жаңалықтар