Алматы полициясы 36 жастағы жігітті қағып мерт қылған жүргізушіні іздестіріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматы полициясы 36 жастағы жігітті қағып мерт қылған жүргізушіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы Марғұлан көшесінде түнгі 00:30 шамасында болған.

Жергілікті полиция қызметі хабарлағандай, жүргізуші Марғұлан көшесімен батысқа қарай келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. 36 жастағы ер адам біршама уақыттан соң №7 қалалық ауруханада қайтыс болды.

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының сотқа дейінгі бірыңғай тергеу ісі реестрінде тіркелді.

Полиция аталған оқиғаға куә болған тұрғындарға 8-778-966-62-24, 8-776-111-11-50 телефондарына хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар