Алматы полициясы 178 шетел азаматтын еліне қайтарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мыңнан аса шетелдік азамат заңсыз тұрып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД 24 шілдеден басталған «Мигрант» профилактикалық шарасының қорытындысын жариялады. Апталық нәтижесінде 1 мың 065 азамат əкімшілік жазаға тартылды. Оның 178-і елден шығарылды.

«Сот шешімімен елден 178 шетелдік азамат ҚР Көші қон туралы заңнаманы бұзғаны үшін сыртқа шығарылды. Шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа алғаны үшін 34 жұмысберуші жауапқа тартылды», - деді қалалық ІІД Көші-қон басқармасы басшысының орынбасары Жандос Тұрысбеков.

Ал ІІД-нің қабылдау бөлімдерінің 432 шетелдік азамат жеткізілген. Сонымен қатар, шетелдіктер заңсыз жұмыс жасайтын қоғамдық орындар тексерілді.

«Жыл басынан бері Алматыда 212 мың шетелдік азаматтың ішінде Көші-қон туралы заңнаманы бұзған 21 мың адам əкімшілік жазаға тартылды, 1 756 адам қамалды, 1 266 адам еліне қайтарылды», - деді Жандос Тұрысбеков.

Соңғы жаңалықтар