Алматы Полиция департаментінің ғимаратына шабуыл алдын ала жоспарланған – шұғыл штаб

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасау алдын ала мұқият жоспарланған. Бұл туралы қалалық терроризмге қарсы күрес штабының ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұсталғандар арасында қаңтар айының 6-сына қараған түні Полиция департаменті ғимаратына шабуыл жасағандар да бар. Бұған бейнекамераға түсіп қалған видео дәлел. Мұны жақсы дайындалған қаруланған лаңкестер жүзеге асырды. Тексеру кезінде 18 қару және 314 оқ-дәрі тәркіленді», - деді С.Әзірбек.

Сонымен қатар ол арнайы операция басталғаннан бері жаппай тәртіпсіздікке, бүлікке және басқа да қылмыстарға қатысы бар 852 адам ұсталғанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар