Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов қызметінен босатылды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов қызметінен босатылды. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым. Бұл қызмет мен үшін жаңалық емес, ал аймақ – ерекше, әсіресе үйім, алаңсыз балалық шағым және мектеп осы жермен байланыстырады. Ведомство басшылығының бұл сенімі мен үшін азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауда, әділеттілікті қалпына келтіруде және қылмыспен күресте жаңа мүмкіндіктер ашады», - деп жазды ол.

Сонымен қатар, бұл – кәсіби өсіп-өнуінің жаңа кезеңі екенін атап өтті.





Фото: gov.kz

Соңғы жаңалықтар