Алматы полицейлерінің отбасылары спорттық сайысқа түсті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Отбасы күні меркесіне орай Алматылық полицейлердің отбасылары спорттық сайысқа түсті. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Қалалық ІІД спорттық залында 12 отбасы, яғни 50 ге тарта адам 3 бағдарлама бойынша жылдамдығы мен шеберлігін сынады. «Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз - полиция қызметкерлері арасында спорттық-бұқаралық жұмысты насихаттау. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларындағы үйлесімділік пен береке-бірлік олардың жедел қызмет атқару кезінде қабілетін арттырып, алған білімі мен дағдысын дұрыс пайдалануға септігін тигізеді», - деді қалалық ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Оразбеков. Сайыс қорытындысына келсек, отбасылық эстафета бойынша жылдам әрекет етудің арнайы отрядының қызметкері Райымқұловтың отбасы, себетке доп салу бойынша конвой қызметі батальонының қызметкері Жанұзақовтың отбасы, «Отбасы туралы үздік плакат» байқауы бойынша «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкері Көпбосыновтың отбасы қара үзді. Сонымен қатар, сайыстан кейін ІІД инспектор-психологтары додаға қатысушылармен психологиялық тренинг өткізді.

Соңғы жаңалықтар