Алматы полицейлері жол апатына түскендердің өмірі үшін қан тапсырды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Мың игі іс» акциясы аясында Алмалы ауданы ІІБ 20 қызметкері қалалық Қан орталығында қан тапсырды.

Бұл жол апатынан жапа шеккендердің өмірін сақтап қалуға септігін тигізбек.

«Әр полицей адам өмірін арашалап қалуға көмектесті. Донор болу біз үшін бірінші кезекте азаматтық парыз, қайырымдылық. Полиция азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын қорғауға ант берген. Бұл жеке құрамды адамгершілікке тәрбиелеудің жақсы тәсілі», - деді Алмалы аудандық ІІБ басшысы Асқар Болатов.
Алматы полицейлері Алматы полицейлері Алматы полицейлері Алматы полицейлері Алматы полицейлері Алматы полицейлері

Соңғы жаңалықтар