Алматы полицейлері жезөкшелер ордасын анықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жеңіл жүрісті қыздар өздерінің қызметтерін Сейфуллин даңғылында орналасқан жалдамалы пәтерлерде көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түрксіб аудандық полиция басқармасына жеңіл жүрісті 16 қыз-келіншек жеткізілді. Оның төртеуі Өзбекстаннан келген. Ұсталғандар интим қызметтерін жалдамалы пәтерлерде көрсеткен.

«Пәтерін интим қызмет көрсетуге берген үй иелері ҚР әкімшілік құқық бұзу кодексінің 450-бабына сәйкес жауапқа тартылады. Бір тәулікте 10 әкімшілік іс қозғалды, 1 шілдеден бастап жезөкшелікпен айналысқан адамдардың саны 67-ге жетті», - деді Криминалды полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.

Жеңіл жүрісті әйелдерден саусақ іздері алынды. Өзбекстан азаматшаларына қатысты көші-қон қызметінің өкілдері арнайы тексеру жүргізуде. Егер олардың ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталса, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен елден шығарылады.

Соңғы жаңалықтар