Алматы полицейлері жеңіл жүрісті 16 қызды ұстады (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полицейлері заңсыз жұмыс істеп келген жын-ойнақты әшкереледі. Бұл орын Солтүстік айналма жолы бойында автожуудың үстінде орналасқан екен. Ұсталған 16 қыздың 13-і көршілес елден оңай нәпақа іздеп келгендер болып шықты.

Қызмет көрсетіп жүрген бойжеткендердің арасында 16 жастағы Қырғызстан азаматшасы да бар екендігі анықталды.

«Бойжеткеннің қолында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ болып шықты. Алматыға келгеніне 2 ай болып қалған. «Базарға» орналастырам деген танысының сөзіне еріп келіпті. Бұл ақпарат міндетті түрде тексерілетін болады. Расталған жағдайда кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді жыныстық қатынас көрсетуге итермелегені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын болады», - деді қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Таңат Назанов.

Сондай-ақ, басқарма басшысының айтуынша, әкімшілік сот шешімімен жабылуға пәрмен берілген көңіл көтеру орындарының ішінде әлі де жұмысын жалғастырып жатқандары бар. Осыған байланысты қазір қалалық ІІД сот актілерін орындау департаменті қызметкерлерімен бірігіп, сот үкімін елемей жұмыс істеп жатқан орындарды анықтауға рейдке шықты. Жыл басынан бері Алматыда адам саудасымен байланысты 76 қылмыстық дерек әшкереленген. Оның 30-ы заңсыз жезөкшелер ордасын ұйымдастырумен байланысты болса, қыздарды жыныстық қатынасқа тартқаны үшін 3 адам, адам саудалағаны үшін 4 адам, жеңгетайлық қызметі үшін 27 адам, кәмелеттік жасқа толмағандарды саудалаған 12 адам жауапкершілікке тартылды. Арнайы есепке 80 қыз, 15 жеңгетай алынды.

Соңғы жаңалықтар