Алматы полицейлері қоян-қолтық ұрыстың ең үздіктері болып танылды (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан тəуелсіздігі күніне орай қоян-қолтық ұрыс бойынша мемлекеттік құрылымдар арасында сайыс өтті.
Сайыста 8 команда, 57 спортшы бақ таластырды. Спорттық дода 9 салмақ дəрежесінде өтті.
Ойын нəтижесі бойынша жалпы командалық есепте Алматы ІІД ұжымы бірінші орынды еншіледі.
Екінші орынға "Арлан" арнайы жасағының сарбаздары табан тіреді. Ал үшінші орынды арнайы күзет қызметінің өкілдері қанағат тұтты.
«Денсаулық - адамның басты байлығы» деген тəмсіл ертеден бар. Осы тəмсілді ұстанған халқымыз денсаулығын сақтау үшін барын жасайды. Мемлекет салауатты өмір салтын қалыптастыруда бар жағдай жасап отыр. Бүгін тəуелсіздік күніне орай өткізіліп жатқан спорттық шара ұландарымыздың табандылығы мен беріктігін бір сынау",- деді қалалық ІІД басшысының орынбасары Ержан Оразбеков.
- Алматыда жалдамалы пәтерден цифрлық техника мен әскери амуниция табылды
- Алматы азық-түлікпен қажетті көлемде қамтамасыз етілген – әкім
- Алматы Полиция департаментінің ғимаратына шабуыл алдын ала жоспарланған – шұғыл штаб
- Алматыда балабақшалар жұмыс істей ма
-
Алматының коммуналдық қызметі қаланы тазарту жұмыстарына кірісті
-
ҚХЛ: «Барыс» овертаймда «Металлург» командасын ұтты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам




