Алматы полицейлері халыққа медициналық маскалар таратып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері Алматы көшелерінде халыққа медициналық маскалар таратып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тәртіп сақшылары қалада азаматтар арасында қоғамдық орындардағы санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтті.
«Жүргізіліп жатқан бұл науқанның мақсаты – азаматтарға карантиннің әлі аяқталмағанын және сақтық шараларын сақтау керектігін ескерту. Өкінішке орай кейбір азаматтар қоғамдық орындарда болған кезде жеке қорғаныстың негізгі қағидаларын ұстанбайды. Әр адамның қауіптің әлі сейілмегенін түсінуі өте маңызды, ал қорғаныс құралдары оның салдарларын азайтуға көмектеседі. Белгілі бір себептермен маскасыз жүрген азаматтарға біздің қызметкерлер маска таратып жатыр», – деді Алматы қаласының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
- Өткен жылы 26 мыңға жуық жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды
- 2020 жылы жол апатынан қаза тапқандар саны 17 пайызға азайды
- Өткен жылы елімізде қылмыс көлемі 30% қысқарды
- 2021 жылы Қазақстанда учаскелік инспекторлар саны көбейеді
-
Биыл «Жұртқа жақын полиция» қағидаты жүзеге асырылады - ІІМ
-
Полиция қызметкерлері бір аптада 9 кісі өлтіру қылмысын ашты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам