Алматы полицейлері балаларға темекі сатқан сатушыларды жазалады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция қызметкерлері дүкендерді аралап, кәмелетке толмағандарға темекі мен алкоголь сатқан сатушыларды анықтау үшін рейдке шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алмалы ауданында сатушылардың бірі 15 жастағы балаға темекі сатып жіберді. Олар баланың жасын сұрамады. Заң бойынша олар тексеруі тиіс. 21-ге толмаған тұлғаларға алкогольді ішімдік сатылатын жағдайлар да жиі кездеседі. Біздің міндетіміз - мұндай заңбұзушылықты болдырмау, болашақ үшін жауапкершілікті арттыру», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ювеналды полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.

Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларға темекі мен арақ сатқаны үшін сатушылар ҚР ӘқбК 133-бабымен жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар