Алматы полицейлері астаналық әріптестерінің челленджін қабыл алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық полицейлер астаналық әріптестерінің челленджін қабыл алып, спорттық дайындықтарын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнеролик ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянинаның Фейсбуктегі парақшасында жарияланған.

Кадрда 16 полицей бір мезетте жерден көтеріліп (кеудесін жерден көтеріп) спорттық жаттығу жасаған. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары сапқа тұрып, межелі нысанды атудан шеберліктерін көрсетті. Полицейлер эстафетаны еліміздің өзге өңірлерге жолдады.

Айта кету керек, аталған челленджді Астана қаласы ІІД қызметкерлері алматылық әріптестеріне жіберген болатын. Видеода арнайы сауыт кеудеше киген полицейлер салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында осындай жаттығу жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар